ШЖМ қорытынды анықтама » Сарытөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарытөбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 20-1-85
Есепші бөлімі:
+7(72831) 20-1-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2021

ШЖМ қорытынды анықтама

«Сарытөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ШЖМ мектептерде мектепішілік басқару мен бақылаудың ұйымдастырылуын зерделеу қорытындысы туралы 

Анықтама


Зерделеу  барысында анықталғаны:


  1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы


     «Сарытөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асыру тәртібімен жұмыс істейді.  Мектеп 1936 жылы салынған. Мектепте білім қазақ тілінде беріледі. Екі  ауысымды.

Мектептің орналасқан мекен-жайы: Сарытөбе ауылы, Қонаев көшесі №3.        
 
Мектептің 2021-2022 оқу жылына дайындығын дәлелдейтін актісі бар.

       Мектеп директоры Исаев Даулен Нургалиевич. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Көкенова Айнур Кожаназаровна,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтмухаева Кульшат Тохтасыновна.

     Мектепте төмендегідей жоспарлау түрлері анықталды:

1. Жылдық жоспар

2. Айлық жоспар

3. Апталық жоспар  

     Мектептің   оқу-тәрбие жоспары 2021-2022 оқу жылында 9 тараудан,    тұрады. Мектептің оқу-тәрбие жоспарының тараулары толық. Оқу-тәрбие   жоспарларында мақсаттары, міндеттері, мазмұны айқындалған, мектеп директорымен бекітілген. 2020-2021 оқу жылына   талдаулар мәлімет түрінде жазылған. Жоспарланған іс-шаралардың материалдары тіркелген. 2021-2022 оқу жылының бүгінгі күніне дейінгі                                                                                                          жоспарланған іс- шаралар орындалған, қорытынды анықтамаларын толықтыруды қажет етеді. 

     Педагогикалық кеңес жұмыстары   жүргізіледі: педагогикалық кеңес материалдары жинақталған,  хаттамалары толық жазылған.

     Педагогикалық кеңес хаттамаларда аталған мәселе бойынша қабылданған шешімдер жалпылама түрде жазылған.

Мектеп әкімшілігі мектеп  құжаттарының талапқа сай  жүргізілуін басшылықта ұстайды. Дегенмен мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою шараларын нақтылау қажет.

       Қатаң есептегі құжаттар талапқа сәйкес жүргізіледі:

Негізгі және орта мектепті бітіргендігі туралы куәлікті беру және бланклерді есепке алу кітабы,  Алфавиттік кітап  Оқушылардың үлгерімі туралы табелдерді есепке алу кітабы жүргізілген. 

Аттестациядан өткен мұғалімдердің тіркеу журналы нөмірленіп, бауланған. 

          Биылғы оқу жылына аранлған сабақ кестесі бар, мектеп басшысымен бекітілген және кәсіподақ ұйымының төрайымымен келісілген.

Тұжырым:

  •   «Педагогикалық кеңес қызметінің Типтік ережелері»  талаптары орындалады.
  •  «Жалпы білім беретін ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесі сақталған. 
  • Мектепте  мониторинг нәтижелері негізінде білім сапасын басқару бөлігі орындалған 
  • Білім сапасын арттыру мақсатында жұмыстарды жандандыру қажет


  1. Педагог құрамы


Санаты 

2021-2022 оқу жылы 

Барлығы 

27

Жоғары 


Бірінші 


Екінші 

5

модератор

2

сарапшы

14

зерттеуші

1

шебер

0

Санаты жоқ 

5

        2021-2022 оқу  жылында жалпы мұғалімдер саны-27. Жалпы мектеп ұжымының сапалық құрамы: педагог сарапшы және педагог модератор санатты мұғалімдердің саны басым , біліктілік сапасы- 81,4% құрайды. Мектепте білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары орындалады.

Мектеп мұғалімдерінің біліміне қарай  сандық және сапалық құрамы төмендегідей:



2021-2022 оқу жылы

Барлығы 

Саны    

Жоғары

25

Арнаулы орта 

2

Барлығы  

27

.


Тұжырым:

  • Педагогикалық ұжымның еңбек тәртібі мен орындаушылық тәртібі қалыптасқан, моральдық – психологиялық климат орнатылған. 
  • Педагогтардың тәжірибе тарату жұмыстарын жандандыру қажет  
  • Мектепте білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары орындалады. 
  • Мектепте мұғалімдер өз мамандығына сәйкес  жұмыс жасайды. 



  1. Оқушылар контингенті

Мектеп бойынша   оқушылар контингентінің көрсеткіші: 

   2019-2020 оқу жылында - 90 

2020-2021 оқу жылында – 91

2021-2022 оқу жылында –92


.

Оқу жылдары

Оқушы саны

Білім сапасы

2019-2020

90

60,1

2020-2021

91

63

2021-2022

92

62,5

          1 мектеп алды даярлық сыныптарында 10 бала тәрбиеленеді, шағын орталықта 10 бала        

              тәрбиеленуде

    Жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша өткен оқу жылынан 4 пайызға білім сапасының төмендегені байқалады.  

      Алфавиттік кітап бойынша оқушы саны дұрыс.   2021-2022  оқу жылында келген, кеткен оқушылардың   талондары   бар.  

       Оқушылардың жеке іс қағаздары жинақталған, дұрыс толтырылған. Алфавиттік кітаптағы нөмірі белгіленіп, құжаттар рәсімделген, алфавиттік нөмірлер жеке іс-қағазындағы нөмірмен сәйкес келеді.

    Ағылшын, орыс тілі, математика пәндерінің білім сапалары төмен көрсеткіш көрсетіп    

    тұр.

Тұжырым:

  • Оқушылар контингенті тұрақты, оқыту қазақ   тілдерінде жүргізіледі.
  • Алфавиттік кітап   бекітілген нұсқаулықпен сәйкес жүргізілген. 


  1. Оқу –тәрбие жұмысы

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тәрбие мен білім беру мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген тәрбиенің 8 бағыты бойынша  2021-2022 оқу жылының жылдық жоспары бар. Айлық, жоспарлары құрылған. 2020-2021 оқу жылының қорытынды есебі толықтыруды қажет етеді. 

  • Мектепте өзін-өзі басқару ұйымы және «Адал ұрпақ» клубы құрылған,жоспарлары жасалып бекітілген,жоспарға сәйкес белгіленген жұмыстар атқарылуда дегенмен атқарылған жұмыстардың қорытынды анықтамалары толықтыруды қажет етеді.
  • Мектепте тәрбие саласы бойынша баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары жоқ.

Тұжырым:

  • Мектепте бекітілген тәрбие  жоспары талапқа сай құрылған.
  • Мектепте оқушылардың жеке түлға ретінде тәрбиеленуіне жағдай жасалған.
  • Мектепте тәрбие саласы бойынша баспасөз беттеріне мақалалар жариялау қажет.
  • Адал ұрпақ клубының жұмысын жандандыру


      7.Психологиялық қызмет бойынша

  1. Мектепте 1 педагог-психолог жұмыс істейді.
  2. Қабимолдаев Ерболат  01.07.1968 жылы туылған, білімі-жоғары, мамандығы – педагог-психолог, санаты- педагог-сарапшы
  3. Психологиялық қызмет туралы нормативтік құжаттары бар.
  4. Зерттеулер нәтижесі бойынша талдаулар қорытындысы бар, алайда оқушыға, ана-анаға, мұғалімдерге арналған  ұсыныстарды толықтыру қажет.
  5. Дарынды оқушыларымен жұмыс жоспары құрылған, мектеп директорымен бекітілген. Мектеп бойынша дарынды оқушылар тізімі бар. Дарындылықты анықтауға арналған сауалнама алынған және анықтама жазылған.Дарынды оқушыларға диагностикалық карта жасау керек.
  6. Топпен жұмыс бағдарламасы құрылған, бірақ жүйелеу қажет.
  7. Түзету-дамыту сабақтары бойынша папка жинақталған,хаттамаларды толықтыру керек. 
  8. Бейіндік оқытуға дайындық жұмыстары бойынша жоспарды толықтыру. Алынған сауалнамалардың қорытындыларын ретке келтіріп жүйелеу.
  9. Суицидті алдын-алу жұмыстары бойынша жоспар құрылған, мектеп директорымен бекітілген. Суицидті алдын-алу бойынша жаднамалары бар, сауалнамалар алынған, анықтама жазылған.
  10. Үйден оқыту бойынша құжаттар жинақталған.
  11. Топтық жұмысты тіркеу журналы бар, алайда толықтырып жазу керек.

Тұжырым:

Дарынды, талантты оқушыларды анықтаудағы диагностикалық  жұмысты 2022-2023 оқу жылының қыркүйек,қазан айларында пән мұғалімдерімен біріге жүргізу,жоспар  құру, ұсыныстар енгізу.Үйірме жұмыстарының жүргізілуіне психологиялық зерттеу жүргізу.

Оқушыларда   үлгермеушілікті болдырмаудың алдын алу.

Ата-аналармен жұмысты күшейту.

8.  Оқу – материалдық активтер

Мектеп ғимараты 1936 жылы пайдалануға берілген. Мектеп –120 орынды, 3 корпус, 6 оқу кабинетінің (биология-1, қазақ тілі-1,  АӘД-1, бастауыш сынып-1, георафия – 1, математика -1,    

  Мектеп   дидактикалық материалдармен, көрнекілік құралдарымен  және   оқу кабинеттері қажетті материалдармен жабдықталғанмен, кейбір кабинеттердің дидактикалық, көрнекілік үлестірмелі материалдары толықтыруды қажет етеді. 

       

Тұжырым:

  • Мектептің материалдық – техникалық қамтылуы қанағаттанарлық.