Нурбекова Бибигуль Тоқтасынқызы » Сарытөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарытөбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 20-1-85
Есепші бөлімі:
+7(72831) 20-1-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нурбекова Бибигуль Тоқтасынқызы
26
апрель
2022

Нурбекова Бибигуль Тоқтасынқызы

Нурбекова Бибигул Тоқтасынқызы 1971 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Санаты –педагог-сарапшы.

1986 жылы Есік педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1990 жылы бітірді.

2010 -2013 жылдары  Қазақ мемлекеттік қыздар университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша аяқтады.

2021 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар университетіне логопед мамандығы бойынша оқуға тапсырды.

Лауазымдық, пән бойынша жетілдірілген біліктілікті арттыру курстары.

2019 жылы Алматы қаласы  КМЦПК «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында технология, көркем еңбек пәндерін оқыту әдістері»

2020 жылы Талдықорған қаласы, "Сәтті қадам" педагогикалық -психологиялық тұлғалық даму орталығы "Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету және дамыту жұмыстары";
2021 жылы Алматы облысы Республикалық "Даму" педагогикалық -психологиялық дамыту орталығы "Инклюзивті білім беру мен ерекше қадағалауды қажет ететін балаларды тәрбиелеу, оқыту, жеке қабілеттерін дамыту әдістері".

Марапаттары: 

2021 жылы Алматы қаласы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық байқауынан «Үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімі» 1 орын Диплом;

2021 жылы Алматы қаласы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналынан Алғыс хат;

Еңбек жолы (қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері)

1990-1991 жылға дейін Жаркент пионерлер үйінде жетекші болып жұмыс істеді.

1991-1992 жылға дейін Жастар қалашығындағы орта мектепке еңбек және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 

1992-2019 жылға дейін Сарытөбе орта мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.  

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Сарытөбе орта мектебіне логопед болып тағайындалды.