Кокенова Айнур Кожаназаровна » Сарытөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарытөбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 20-1-85
Есепші бөлімі:
+7(72831) 20-1-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кокенова Айнур Кожаназаровна
18
апрель
2022

Кокенова Айнур Кожаназаровна

Кокенова Айнур Кожаназаровна 1978 жылы 2 қазанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында толық отбасында дүниеге келді. Ұлты қазақ. 

Білімі жоғары, педагог-сарапшы.

1996 жылы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған институтына түсіп, 2001 жылы бітірді. Мамандығы бойынша биология пәнінің мұғалімі. 

Лауазымдық қызметіндегі біліктілікті арттыру бойынша

2018 жылы ҚР орта білім мазмұнын  жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептеріндегі биология пәнінен;

2019 жылы Алматы қаласы «XXI ғасыр педагогы» 9 айлық курсы; 

2021 жылы Алматы облысы «Өрлеу» «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курсы
 Марапаттаулар мен атақтар берілген уақыты:
 2022 жылы Мәдениет оқу-өнер орталығынан Диплом;

2022 жылы Мәдениет оқу-өнер орталығынан Алғыс хат;

2022 жылы пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне биология пәнінен оқушысы жүлделі орын алғаны үшін Диплом.

Еңбек жолы (қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері)
 
1998-2010 жылға дейін Сарытөбе орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
 2010-2015 жылға дейін мектеп психологы болып жұмыс істеді.

2015 жылдың 1 ақпаннан бастап «Сарытөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
 
Еңбек өтілі - 23 жыл, орынбасарлық өтілі – 7 жыл.
 
 

Похожие публикации: