Исаев Даулен Нургалиевич » Сарытөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарытөбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 20-1-85
Есепші бөлімі:
+7(72831) 20-1-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

Исаев Даулен Нургалиевич

Исаев Даулен Нургалиевич 1962 жылы 19 ақпанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарытөбе ауылында толық отбасында дүниеге келді. Ұлты қазақ. 

Санаты жоғары, педагог-зерттеуші.

1980 жылы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған институтына түсіп, 1984 жылы бітірді. Мамандығы бойынша математика пәнінің мұғалімі. 

Лауазымдық қызметіндегі біліктілікті арттыру

2019 жылы  Алматы қаласы ПШО «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шағын жинақты мектеп басшыларының 9 айлық курсын бітірді. 

2021 жылы Алматы облысы «Математика пәнін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары»;

2022 жылы Алматы қаласы «Персоналды басқарудың заманауи модельдері және білім берудегі менеджмент тұжырымдамалары» курстарын оқыды.

2020 жылы «Математикалық сауаттылық»  әдістемелік көмекші құралы жарық көрді.
 
 Марапаттаулар мен атақтар берілген уақыты:
 2019 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығынан Құрмет грамотасы;

2020 жылы «Жас дарын» дарынды балалар орталығынан Алғыс хат;

2020 жылы «Эрудит» интеллектуалды білім сайтынан Алғыс хат;

2021 жылы KIO математика пәнінің мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында   3 орын Диплом;

2022 жыл Мәдениет оқу-өнер орталығы «Үздік директор» төс белгісімен марапатталды.
 Еңбек жолы (қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері)
 
1984-1990 жылға дейін Сарытөбе орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
 1990-1999 жылға дейін директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
 2000 жылдың 6 қаңтарынан бастап «Сарытөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

Еңбек өтілі - 37 жыл, басшылық қызметтегі өтілі – 22 жыл.
 
 
 


Похожие публикации:

01 май 2017 мектеп
01 май 2017 мектеп
01 май 2017 мектеп
05 сентябрь 2016 Мектеп тарихы