Қабимолдаев Ерболат Нұрсапаұлы » Сарытөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарытөбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 20-1-85
Есепші бөлімі:
+7(72831) 20-1-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қабимолдаев Ерболат Нұрсапаұлы
05
май
2022

Қабимолдаев Ерболат Нұрсапаұлы

Қабимолдаев Ерболат Нұрсапаұлы 1968 жылы 1 шілдеде  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарытөбе ауылында толық отбасында дүниеге келді.  

Ұлты- қазақ. Санаты – педагог-сарапшы.  

  • 1983 жылы Панфилов педагогикалық училищесіне оқуға түсіп 1987 жылы бітірді. Мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі.  
  • 2010 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне түсіп, 2013 жылы аяқтады. Жоғары білім бойынша мамандығы – педагог-психолог.

Лауазымдық қызметіндегі біліктілікті арттыру.

  • 2019 жылы «Мектепте психологиялық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-тәжірибелік негіздері» курсы
  • 2019 жылы «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі бойынша педагог-психолог мамандарының біліктілігін жетілдіру курсынан өтті
  • 2020 жылы Қазақстан республикасы мектептерінің психологтары мен әдіскерлеріне арналған 3 (үш) күндік семинарға қатысты.
  • 2020 жылы «Экзистенциялық коммуникация – адамды ұлы мәнге жеткізуші өзін-өзі трансценденция жасау адамның биік феномені» тақырыбымен өткізілген семинарға қатысқаны үшін сертификат алды. 
  • 2021 жылы «Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың тиімді үдерістерін сапалы қолдануды қамтамасыз ету» тақырыбында курсқа қатысты 
  • 2021 жылы Республикалық ұстаздар арасында «педагогика-психология» пәндерінен ұйымдастырылған олимпиядаға қатысып, қатысқанын растайтын сертификат алды. 

2020 жылы «Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері» авторлық бағдарламасы жарық көрді

Марапаттар мен атақтар берілген уақыты:

  • 2019 жылы Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселелерін қарастыру жолында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2019 жылы «Ең үздік жыл психологы -2019» аудандық байқауына қатысып, өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін жүлделі 2-орынды иеленді.
  • 2020 жылы елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде «Covid-19» инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілікте болып, кәсіби міндетін жауапкершілікпен атқарғаны үшін Панфилов аудандық мәслихатының атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.  

Еңбек жолы (қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері)

  • 1987 - 2011 жылға дейін Сарытөбе орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды.
  • 2011 жылдан бері Сарытөбе орта мектебінде педагог-психолог қызметін атқарып келеді.

Еңбек өтілі-35 жыл, психолог қызметіндегі еңбек өтілі-11 жыл.