Жалған қоңырау шалсаңыз......? » Сарытөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарытөбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 20-1-85
Есепші бөлімі:
+7(72831) 20-1-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалған қоңырау шалсаңыз......?
17
февраль
2023

Жалған қоңырау шалсаңыз......?

Жалған қоңырау шалсаңыз, жауапкершілікке тартыласыз!
 Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі «101» мен «112» болып енгізілген. Дер кезінде өртке қарсы қызметті шақырту – адам өмірі мен дүние-мүлкін құтқарады.

Алайда бүгінгі күнде аталмыш нөмірге қоңырау шалу еркелік пен ойынға айналуда. Жалған қоңырауды екі топқа бөлуге болады: «қателікті» және «әдейі». «Қателікті» шалынған қоңырауға шақырушының су буын, басқа жұмыстардың нәтижесінде пайда болған түтінді үлкен қашықтықтан өрт ретінде қабылдауын жатқызуға болады.

Мамандандырылған қызметтерді «жалған», «әдейі» шақыру заң бойынша жазаланады. Осыған байланысты, арнайы шұғыл қызметтерді телефон арқылы жалған шақыру, басқа мақсаттар үшін пайдалансаңыз, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі бұзақыларды қазіргі заманғы техникалық құралдар арқылы тез әрі оңай анықтай алатынын мәлімдейді.